23 сәуір 2024 08:53

Алматы маңындағы тойда Калашников автоматынан оқ атқан ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында ер адам досының тойында автоматтан оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында ер адам досының тойында автоматтан оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде видео пайда болды. Кадрларда көпшілік шарада куәгерлердің көзінше ер адам көліктен түсіп, аспанға оқ атқанын көруге болады. Жазба авторы оқиғаның Қаскелеңде үйлену тойы кезінде болып жатқанын түсіндіреді.

Алматы облысының полициясы оқиғаға қатысты пікір берді. Видео әкейіпкері қазір ұсталып, қамауға алынғаны атап өтілді.

"2022 жылдың жазында Қарасай ауданындағы мейрамханалардың бірінің аумағында қару-жарақты пайдаланып видео түсірілгені анықталды. Қазіргі уақытта бейнежазбадағы 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан ер адам ұсталып, қамауға алынды. Ұсталған адамнан АК-74 автоматы табылды. Содан танысының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан", - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.

Полицейлер бұл факт бұзақылық ретінде тіркеліп, қылмыстық іс қозғалғанын қосты. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети