17 мамыр 2024 09:59

Алаяқтар жеткізіп береміз деген желеумен астаналықтың көлігін ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы облысының полициясы Фото: Алматы облысының полициясы

Алаяқтар елорда тұрғынының көлігін бір қаладан екінші қалаға жеткізіп береміз деген желеумен ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының полициясына сілтеме жасап.


Алаяқтар елорда тұрғынының көлігін бір қаладан екінші қалаға жеткізіп береміз деген желеумен ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының полициясына сілтеме жасап.

Қарасай аудандық Полиция басқармасына Астана тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер көлік тасымалымен айналысатын компания қызметкерлеріміз деп таныстырып, оның Changan UNI-K автокөлігін иемденіп алғанын айтты.

"Тергеу барысында жәбірленуші көлікті сатып алу үшін елордадан мегаполиске ұшып келген. Сатып алғаннан кейін көліктасымалы сайты арқылы тапсырыс жасаған. Тасымалдау қызметінің бағасына келіскеннен кейін ер адам жүргізушіге кілтті берген. Алайда, көлік уақытында жеткізілмеген", – дейді Алматы облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.

Полицейлер өз кінәсін мойындаған екі ер адамды ұстады. Көлік заңды иесіне қайтарылды. Тәртіп сақшылары ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети