23 сәуір 2024 11:52

Астанада үлескерлерді 4 миллиард теңгеге алдап кеткен ер адам Ресейден ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ресейден Қазақстанға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Бас прокуратура Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан күдікті экстрадицияланды.

"Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды.

"Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл тұлға Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары өткен жылдың соңында ұсталынып, қазірді таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".

Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети