22 сәуір 2024 10:52

Бишімбаев ісі: БАҚ өкілдері сот залына қайта кіргізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Бүгін Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша БАҚ өкілдері сот залына кіргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша БАҚ өкілдері сот залына кіргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінгі сот отырысында судья Айжан Құлбаева КТК арнасының өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Айта кетейік, бұған дейін телеарна алқабилер көрініп қалған кадрларды шығарған болатын.

"Алқабилерді сот отырысы залына шақырмас бұрын, тексеріс кезінде алқабилердің фото және бейнежазбаларын БАҚ-та және әлеуметтік желілерде КТК телеарнасының өкілдері таратқаны анықталғанын жеткізгім келеді, олар бүгінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Біздің процестің ашық сот отырысында жүргізіліп жатқанын ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабында бекітілген сот ісін жүргізудің жариялылық қағидатын қамтамасыз ету мақсатында және әділ сот талқылауы мақсатында сот бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сот залына жіберу қажет деп санайды. Бұл ретте сот залына КТК арнасы да жіберіледі, өйткені оларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қолданылған", - деді судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети