23 сәуір 2024 17:04

Бишімбаевтың соты: Райымбек Баталов мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталған болатын. Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталған болатын. Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейінгі сот отырыстарының бірінде Бишімбаев "марқұм Нүкенованың Баталовпен бұрын қарым-қатынасы болды" деген мәлімдеме жасады. Кешегі сот отырысында Бишімбаевтың ұялы телефонынан оқиға болған күнгі видеолар көрсетілді. Кадрлардағы дауыстарда Бишімбаев Нүкеновадан Баталовпен қандай қарым-қатынасы болғанын сұрайтыны естіледі.

Райымбек Баталов осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл тақырыпта аяғына дейін пікір білдіргісі келмеген. Алайда айтылып жатқан сұмдық ақпараттардан кейін мәлімдеме жасауға бел буған. Ол өз тарапына қатысты айтылған ақпараттың бәрі сандырақ, өтірік екенін жеткізді.

"Бұл өтірікке сенбеуге шақырамын. Блогерлер мен БАҚ өкілдері жалған ақпарат таратпаса деймін. Өте өкінішті, ауыр қазаға ұшырап отырған Салтанаттың жақындары қыздарының намысын қорғауға мәжбүр болып отырғаны қиын. Нүкеновтер отбасына шын жүректен көңіл айтамын", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді.

1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова белгілі кәсіпкердің көңілдесі болғанын мәлімдеген болатын. Ол кәсіпкер нақты кім екенін айтпаса да есімі Райымбек екенін атап өткен болатын. Көптеген дереккөз бұл кәсіпкер Райымбек Баталов екенін жазған болатын. Артынша Желі қолданушылары Баталовтың әйелі Ленара Баталованың парақшасына шабуыл жасап, күйеуі туралы пікір жаза бастаған болатын.

"Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым "жарылайын" деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз атышулы істі емес, "Пусть говорят" шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз", - деді Ленара Баталова бұған дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети