20 сәуір 2024 16:16

Петропавл тұрғыны фейк таратқаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisіa.kz сайтына сілтеме жасап.


Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisіa.kz сайтына сілтеме жасап.

WhatsApр-чаттарда 27 жастағы азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлауда деген дауыстық хабарламасы тараған.

"Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі бойынша 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети