20 сәуір 2024 13:37

ҰҚК тағы бір есірткі зертханасын әшкереледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік қызметі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік қызметі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетін ұйымдастыруға күдікті ретінде Қазақстан азаматын ұстаған.

"Тінту барысында 25 келіге жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Соттың санкциясы бойынша, ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети