15 желтоқсан 2023 17:51

Алматыдағы караоке-клуб маңында белгісіз біреу ер адамды пышақтап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыдағы караоке клубтардың бірінің жанында ер адамды пышақтап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы караоке клубтардың бірінің жанында ер адамды пышақтап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 26 қарашада болған. Ер адамдар жанжалды шешу үшін сыртқа шыққан. Жанжалдасқандардың бірі пышақ алып шыққан.

Күдіктінің қашып кеткені хабарланды. Қазір полиция оны іздестіріп жатыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, күдікті спортшы және егіз бауыры бар.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр.

"Дерек бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, 24-бабы, 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдіктіні ұстауға және іс бойынша басқа да мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети