12 қыркүйек 2022 11:50

Алматыны дамытуға 2030 жылға дейін қанша қаражат керек? Досаев айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполисті дамытуға 2030 жылға дейін қанша қаражат қажет екенін айтты. Бұл туралы әкім қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполисті дамытуға 2030 жылға дейін қанша қаражат қажет екенін айтты. Бұл туралы әкім қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Досаевтың айтуынша, ақша Алматының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды жүзеге асыру аясында бөлінеді деп жоспарланып отыр. Онымен бес ай бойы әкімдік қызметкерлері мен 130-дан аса сарапшы жұмыс істеген.

"Біз көп жұмыс жасадық – қолданыстағы стратегиялық жоспарлар мен халықаралық тәжірибені, соның ішінде әлемдік мегаполистерді дамытудың негізгі үрдістері мен қағидаттарын зерделедік, сын-қатерлерді ескердік, қала өмірінің барлық саласындағы жағдайды талдадық және тұрғындардың мыңдаған өтініші өңделді.

Нәтижесінде бағдарламаның негізгі мақсаттарын анықтадық: ол – Алматы қаласының барлық ауданында жайлы қалалық ортаны құру және өмір сүру сапасын арттыру", - деді әкім.

Даму бағдарламасы жеті негізгі мақсатқа негізделген.

"Біздің алдын ала болжамымыз бойынша, 2030 жылға дейін бағдарламаны жүзеге асыруға 6,1 триллион теңге жұмсалады. Оның басым бөлігі (55 пайызы) жеке инвестиция болады, оның 1,3 триллион теңгесін алдағы үш жылда тарту жоспарланған. Қалған екі триллионнан астам теңгені 2030 жылға қарай тартуды жоспарлап отырмыз.

Қазіргі "Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары" жаңа "Алматы қаласының 2025 және 2030 жылдарға дейінгі даму бағдарламасына" сәйкестендіріледі. Нәтижесінде даму жоспары жаңа сапалы және жаңартылған мазмұнға ие болады", - деп қосты Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети