27 қараша 2023 15:21

Астаналықтарды "көрінбейтін" қарды тазалау жұмыстары таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Әлеуметтік желіде Астана коммуналдық қызметтерінің жол жиегіндегі қарды тазалап жүргені түсірілген видео тарап жатыр. Бұл ретте елорда тұрғындары мән-жайды түсінбеген, себебі қар көрінбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Астана коммуналдық қызметтерінің жол жиегіндегі қарды тазалап жүргені түсірілген видео тарап жатыр. Бұл ретте елорда тұрғындары мән-жайды түсінбеген, себебі қар көрінбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрлі пікір жазылған видео әлеуметтік желіде белсенді түрде тарап жатыр. Кадрлардан қалалық коммуналдық қызметтердің жол жиегін тазалап жатқанын көруге болады.

"Шредингер қары", "Қарашаның аяғында Астанада қар жоқ, сенесіз бе? Коммуналдық қызмет те сенбейді", "Тазалағаны ұнамайды, тазаламаса да ұнамайды. Сіздерге жақпайсың", - деп жазды пікір білдірушілер.

Астанада өткен аптада көптен күткен қар жауған, бірақ еріп кеткен. Қала тұрғындарының айтуынша, тазартатын ештеңе жоқ.

Алайда, Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ауданы әкімдігі берген мәлімет бойынша, бейнежазбада шын мәнінде қар тазаланған.

"Жауған қарға байланысты "Астана Тазалық" ЖШС жол жиектеріндегі қарды шығару жұмыстарын жүргізді. Жедел тазалау мақсатында қарды кейіннен қар полигонына шығару жұмыстар жүргізілді", - деп түсіндірді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Видеода қар іс жүзінде көрінбейтін болса, Алматы ауданы әкімдігі ұсынған фотосуретте жол жиегінде қарды көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети