21 мамыр 2024 17:17

Бұрынғы әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Бекетаев. Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Марат Бекетаев. Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сот бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Бұл туралы Астана сот әкімшілігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Бұл туралы Астана сот әкімшілігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-министрді қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 15 мамырда қабылданған.

"Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2024 жылғы 15 мамырда күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз", - делінген елордалық соттың Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауап.

Осылайша Бекетаев кемінде тағы бір ай қамауда болады. Бұрынғы министр 2023 жылдың қазан айында ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети