04 қазан 2023 12:47

Қаржы министріне Боранбаевтың мүлкіне қатысты сұрақ қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында журналистердің сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың тәркіленген мүлкіне қатысты қойған сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамаубаевтың айтуынша, тәркіленген мүлікке қатысты екі нұсқа бар.

"Шілдеде заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң қабылданды. Егер осы Заң аясында қарасақ - жақында арнайы компания құрдық, олар басқарады, қажет болған жағдайда басқаруға береміз немесе жаратып, ақшаны арнайы шотқа аударамыз. Егер бұл жағдай осы Заңмен қаралмаса, онда процессуалдық шешім бар. Олар мемлекеттік мүлікке тапсырылады, әрі қарай не өткіземіз, не сенімгерлік басқаруға береміз", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети