ІІМ алғашында Ресей мен Қырғызстанда тіркелген көліктерді тіркеуден шығару қалай жүргізілетініне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ алғашында Ресей мен Қырғызстанда тіркелген көліктерді тіркеуден шығару қалай жүргізілетініне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакция Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне шетелдік көліктерді заңдастыру тәртібіне қатысты сауал жолдады. Заңдастыру алдында автокөлікті басқа мемлекетте бұрынғы тіркеуден алып тастау керек. Алайда тіркеуден шығарылғаннан кейін нөмірлер мен тіркеу куәліктері алынып, транзиттік нөмірлер беріледі. Редакция көлік нөмірі алынып, қайта кірсе, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан аумағына кіргені қалай анықталатынын сұрады.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі шетелдік көліктердің кіру күнін ҰҚК Шекара қызметінің немесе мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасы анықтайтынын хабарлады. Бұл ретте мемлекеттік нөмір емес, көліктің VIN-коды ескеріледі. Процесс толығымен автоматтандырылған. Шекара қызметiнде немесе мемлекеттiк кiрiс органдарында көлiк құралын әкелу туралы ақпарат болмаған жағдайда, көлiк құралының Қазақстанда нақты болу күнi автосақтандыру полисiнiң алғашқы тiркелген күнiмен айқындалады.
Сонымен қатар, Ресей және Қырғызстанмен көліктерді қашықтан тіркеуден шығару мәселесі пысықталып жатыр.
"Бұл жұмыс ҚР ІІМ басшылығының бақылауында. Нәтижесі оң болса, халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады. Осы уақытқа дейін көлік құралын өзге елде тіркеуден шығару иелерінің өздеріне жүктеледі. Айта кету керек, көлік құралын есептен шығару тіркелген елдің заңнамасы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады", - деді ІІМ өкілдері.
23 қаңтар мен 20 ақпан аралығында 34 мыңнан аса көлік заңдастырылған. 77 мыңнан аса көлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірленген бірліктерді салыстырып, әрі қарай тіркеуге жіберілді.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!