12 желтоқсан 2023 17:51

Сәтқалиев вице-министрінің қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтің қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифингте журналистер министрден вице-министр Жандос Нұрмағанбетовтің ведомство басшылығымен жанжалдасып қалғаны туралы қауесеттер фонында қызметінен босатылуы туралы сұрады.

"Орынбасарыма келетін болсақ, иә, менің орынбасарым басқа жұмысқа ауысуды ұйғарды. Оның бір айға жуық пайдаланылмаған демалыс күндері болған. Жұмыстан босатылғанға дейін ол еңбек заңнамасында көзделген мүмкіндіктерді пайдаланды - бұл демалыс күндерін пайдалану және осы мерзім аяқталғаннан кейін дереу басқа жұмысқа ауысу. Қазіргі уақытта үміткерлер қарастырылып жатыр; олар келісілген кезде хабарлаймыз. Ол энергетика саласының маманы болатыны анық", - деді Сәтқалиев.

Бұған дейін Энергетика министрлігі вице-министр мен ведомство басшылығы арасында жанжал болды деген Желіде тараған ақпаратты жоққа шығарған болатын. Нұрмағанбетов электр энергетикасы, жылу электр станциялары, жаңартылатын энергия көздері салаларын қадағалағаны белгілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети