28 сәуір 2024 16:03

Абай облысындағы орман өрті сөндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Абай облысындағы орман өрті сөндірілді. Бұл туралы Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай облысындағы орман өрті сөндірілді. Бұл туралы Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалына қарасты Дмитрев орман шаруашылығындағы 0,8 гектар аумақтағы табиғи өрт сөндірілді.

Өртті сөндіруге Абай ауданы төтенше жағдайлар департаменті мен табиғи резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Абай облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Еске салайық, 26 сәуірде Абай облысында тағы да орман өртенген еді. Өрт Бородулиха ауданындағы шалғай аумақта болды. Орман өртін сөндіруге қосымша күш жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети