28 сәуір 2024 16:05

Ақтауда ер адамның әйелді лифтіде ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде ер адамның лифтіде әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оқиға 27 сәуірде Ақтауда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.


Желіде ер адамның лифтіде әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оқиға 27 сәуірде Ақтауда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №7 үйдің лифтінде түсірілген. Онда ер адамның әйелді тепкілеп, жұдырықтап жатқаны көрсетілген.

Құқық қорғау органдары күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады. Бұл құқық бұзушылық үшін күдікті бес тәулікке дейін қамауға алынады.

"Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін ер адам жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети